ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде педагогтермен және балалармен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде педагогтермен және балалармен кездесті

Оқу-ағарту министрінің орынбасарлары мен комитет төрағалары Ақмола, Қостанай, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында болып, педгогтермен және балалармен кездесулер өткізді.

Бүгінгі таңда 600-ге жуық бала 11 сауықтыру орталығына орналастырылды, оның ішінде 80-нен астамы Ақмола облысындағы «Жасдәурен» лагеріне қабылданған. Ал екі мыңға жуық оқушы республикалық маңыздағы мектеп-лицейлерінің интернаттарына, колледждер мен ЖОО-ның жатақханаларына орналастырылды. Балалар қажетті оқу құралдарымен, киіммен және тамақтанумен қамтамасыз етілді. Оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін интернет жылдамдығы нашар қарғын су басқан аймақтарға Starlink интернет желісі тартылуда.

Педагогтер ұжымымен кездесуде Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев министрлік тарапынан педагогтерді қолдау шаралары қабылданып жатқанын атап өтті. Су тасқынынан зардап шеккен облыстарда педагогтерді аттестаттаудан, ал оқушыларды БЖБ мен ТЖБ тапсырудан босату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Министрлік өкілдері бірқатар білім беру мекемелерін аралады, оың ішінде суға кеткен нысандарда да болды. Кейбір нысандарда жөндеу жұмыстары басталды. Атап өту керек, ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін министрлік уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге келтірілген залал көлеміне бағалау жүргізе отырып, зардап шеккен педагогтер мен білім беру ұйымдарының тізімін жасайды. Жалпы, елімізде су тасқынына қарсы шараларға 26 мыңнан астам педагог қатысуда.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ