Қазақстанның оқу-ағарту министрі Қырғызстанның білім және ғылым министрімен кездесті

Қазақстанның оқу-ағарту министрі Қырғызстанның білім және ғылым министрімен кездесті

Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қырғызстанның білім және ғылым министрі Догдоркул Кендірбаевамен кездесу өткізді. Тараптар білім саласындағы екіжақты серіктестікті талқылады.

Ғани Бейсембаев инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне тоқталды. Ол осы жылы 536 мың оқушы орны пайдалануға берілетінін, оның ішінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасын атап өтті. Сонымен қатар, педагогтердің сапалы құрамын қалыптастыру, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында жаңа буын менеджерлерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Біз бауырлас халықтардың тамыры тереңге бойлаған тарихына құрметпен қараймыз және екі елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру бастамасын құптаймыз. Бұдан бұрын білім саласының кейбір аспектілерін әлем тұрғысында дамыту туралы әңгімелескен болатынбыз. Бұл мәселеде біздің пайымымыз ортақ мақсатқа тоғысады, ол балардың білім алуы үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Өз кезегінде Қырғызстанның білім және ғылым министрі білім саласын дамыту бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады және Қазақстанның білім жобаларына қызығушылық танытты.

«Қазақстандық білім жүйесінің тәжірибесін алу мақсатында екі елдің қос бағынысты ұйымдарының арасында педагогикалық кадрларды дайындау және біліктіліктерін арттыру бойынша меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінгі кездесу бұл ынтымақтастыққа қосымша серпін береді және біз оны тереңдету мен кеңейте түсетін шешімдер қабылдаймыз деп сенемін», - деді Догдуркул Кендірбаева.

Кездесу соңында екі ведомство басшысы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім салаларында өзара әріптестікті күшейту туралы шешім қабылдады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ